• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 14:31:22
Алматы
+35°

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев қалада жүріп-тұру рұқсатын беретін портал барынша оңай жұмыс істейтін болады деп атап өтті.

Оның айтуынша, кәсіпорын немесе жеке кәсіпкер қала бойынша жүріп-тұруға рұқсаты бар немесе жоқ екенін анықтау үшін: ол өзінің ЖСН (ЖК үшін) және БСН (кәсіпорын үшін) нөмірін енгізеді.

– Бұдан әрі бағдарлама алгоритм негізінде қалада жалдамалы қызметкерлерге жүріп-тұруға болатынын өзі анықтайды. Егер тізімге сәйкес қалада жүріп-тұру мүмкін болса, сәйкесінше, ұяшықтарды толтыру үшін келесі терезе ашылады. Бұдан әрі қызметкерлердің ЖСН енгізіледі. Автокөлік құралдары мемлекеттік нөмірлерді енгізу арқылы анықтай алады. Одан кейін құжаттарға қол қою ережелерімен келісуге арналған үш белгі болады. Содан кейін электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) екінші бөлігін қосып, «келісемін» дегенді басу қажет. Осыдан кейін барлық құрылған база штабқа әрі қарай қарауға жіберіледі, – деді Максим Барышев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір